Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Республикасының ұсынысымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты.Отырыс бейнебайланыс режимінде өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқаев

Борт №1 Telegram-арнасының мәліметінше, саммитке Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Қауіпсіздік Кеңесінің Мемлекеттік хатшысы Александр Вольфович, ҰҚШҰ Бас хатшысының орынбасары Валерий Семериков қатысқан.

“Мемлекеттер басшылары әзербайжан-армян мемлекеттік шекарасында болған оқиғаларға қатысты Армения Премьер-министрінің мәліметін тыңдады. Қазақстан Президенті сессияға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде қақтығысты тек саяси-дипломатиялық жолдармен шешу қажет екенін атап өтті”, – делінген хабарламада.



Отырыс барысында Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайды тұрақтандыру үшін мүмкін болған барлық шараны қабылдауға, күштік құрылымдарды пайдаланудан бас тартуға, шұғыл түрде келіссөз жүргізуге шақырды.

Айта кетейік, 13 қыркүйекте түнде Армения-Әзірбайжан шекарасында атыс басталды. Екі ел қорғаныс министрліктері бір-біріне қарама-қайшы ақпарат ұсынған. Ал Армения ҰҚШҰ мен Ресейден көмек сұрау туралы шешім қабылдаған. 

Талқылау