Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Армения мен Әзербайжан шекарасындағы қақтығыс: 49 әскери қызметші қаза тапты

Әзербайжан қарулы күштерімен түнгі қақтығыс кезінде Арменияның 49 әскери қызметшісі қаза тапты. Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Арменияға сілтеме жасап. 

Фото: Reuters

"Қазір Арменияның Қорғаныс министрлігі 49 әскери қызметкердің қаза тапқанын мәлімдеді. Бірақ бұл соңғы көрсеткіш емес, ақпаратты нақтылау қажет", - деді Пашинян республика парламентінде сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, қазір шайқастардың қарқындылығы бәсеңдеген.

Министрлер кабинетінің басшысы бас штаб пен қорғаныс министрлігі жағдай мен қаза тапқандар санын бағалап жатқанын және расталған ақпаратты хабарлайтынын атап өтті.

"Қазір бір-екі бағыт бойынша Әзербайжан тарапының шабуылы жалғасып жатыр", - деді ол.

Еске сала кетсек, 13 қыркүйекте түнде Армения-Әзірбайжан шекарасында атыс басталды. Екі ел қорғаныс министрліктері бір-біріне қарама-қайшы ақпарат ұсынуда. Армения қорғаныс министрлігі Әзірбайжан қарулы күштерінің артиллерия мен ұшқышсыз аппараттарды қолданып оқ жаудырғанын мәлімдеді. 

Ал Әзірбайжан қорғаныс министрлігі армениялық әскерилерді "арандатты" деп айыптады. Баку 12 қыркүйек түнде "Армения қару күштерінің Дашкесан, Кельбаджар мен Лачин бағыттарында кең көлемді арандату жасағанын" хабарлады.

Талқылау