Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дереу тоқтату керек": АҚШ Армения мен Әзірбайжан арасындағы қақтығысқа қатысты пікір білдірді

АҚШ соңғы тәулікте Әзірбайжан мен Армения арасындағы жағдайдың шиеленісуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Хабарлама АҚШ мемлекеттік департаментінің сайтында жарияланды.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен шиеленіске қатысты алаңдаушылық білдіріп, қақтығысты әскери жолмен шешу мүмкін емес деп мәлімдеді.

"Біз осыған дейін айтқанымыздай, қақтығысты әскери жолмен шешу мүмкін емес. Біз кез келген әскери әрекетті дереу тоқтатуға шақырамыз", - делінген АҚШ мемлекеттік департаментінің мәлімдемесінде.

Вашингтонның алаңдаушылығы Армения-Әзербайжан шекарасындағы шабуылдарға, соның ішінде Армениядағы елді мекендер мен азаматтық инфрақұрылымға жасалған шабуылдарға байланысты екені атап өтілді.

Еске сала кетейік, бір күн бұрын Армения-Әзербайжан шекарасында қызу қақтығыс басталған болатын.  Екі елдің қорғаныс министрліктері қарама-қайшы ақпарат таратқан. Осылайша, Армения Қорғаныс министрлігі Әзірбайжан қарулы күштері артиллерия мен ұшқышсыз ұшақтар арқылы Армения территориясын атқылай бастағанын мәлімдеді.  Өз кезегінде Әзірбайжан Армения аумағына басып кіру туралы ақпаратты жалған деп атады.

Талқылау