Тоқаев волонтерлерді мерекелерімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық еріктілерді мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бүгін бүкіл әлемде Халықаралық волонтерлар күні атап өтілуде. Олар, шын мәнінде, қарапайым адамдардың мүдделері үшін қайырымдылықтың, шынайылықтың, имандылықтың символына айналды. Волонтерлік – нағыз патриотизмнің көрінісі. Осы жылды Волонтерлар жылы деп жарияладым", - деп жазады Тоқаев Twitter парақшасында.
Бұған қоса, ол волонтерлік уақытша науқан емес екенін атап өтті.
"Еріктілерімізді мақтан тұтамын және олардың орасан зор әрі пайдалы жұмыстарына, әсіресе, пандемия кезіндегі еңбектері үшін ризашылығымды білдіремін. Волонтерлік уақытша науқан емес, ол он мыңдаған азаматтарымыздың жан тебіренісі. Біз әрқашанда біргеміз!" - деп қосты президент.
Дәрігерден медбикеге дейін ақша сұрайды: Қазақстандық келіншектер перзентханадағы былықтарды ашты
Пікір қалдырғандардың басым бөлігі кейбір перзентханаларда көрімдік сұрау қалыпты жағдайға айналып кеткенін айтты
Қазақстанда ислам ипотекасы қашан іске қосылады және ол қалай жұмыс істейді
Сарапшы: "Негізгі айырмашылық бағада емес, қаржыландыру тетігі мен мәміленің құқықтық құрылымында"