Тоқаев үкіметке жаңа адамдар келетінін мәлімдеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәжілістің пленарлық отырысында үкіметке жаңа тұлғалар тағайындалатынын ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ақорда
“Алдымызда ауқымды мақсат пен міндеттер тұр. Егер алдағы жылдары экономикамызды, экономика деңгейін арттырғымыз келсе жаңа бағыт, жаңа көзқарас керек. Сол себепті құрам өзгереді, жаңа адамдар тағайындалады”, – деді Тоқаев.
Сонымен қатар ол үкімет батыл шешімдер қабылдай алуы керек екенін атап өтті.
“Үкімет іске көшу керек, міндеттерді сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде орындау қажет”, – деді мемлекет басшысы.
Сонымен қатар ол кеше үкімет жұмысы неліктен уақытша тоқтағанын түсіндіріп берді. Сөзінше, қоғам да осы өзгерісті күтіп отыр.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады