Тоқаев Түркістан облысына аттанды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына аттанды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласында болған оқиғамен танысу үшін Түркістан облысына ұшып шығады», - дейді Берік Уәли.
Мемлекет басшысымен бірге аремьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек және құзырлы мемлекеттік органдардың басшылары да барады.
Еске сала кетсек, бүгін, 24 маусымда, сағат 9:20-да Арыс қаласында жарылыс болғанын хабарлаған едік. Оқиғаға қатысты Қорғаныс министрлігі пікір білдіріп, мән-жайды түсіндірді.
Тұрғындарды көшіру үшін қалаға 40 автобус тартылды. Түркістан облысы, Шымкент қаласы әкімдігі мен ТЖК тиісті шараларды атқарып жатқанын мәлімдеді.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірде төтенше жағдай жариялады. Қала тұрғындары толықтай эвакуацияланады.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"