Тоқаев төтенше жағдайды ұзарту туралы жарлыққа қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайдың мерзімін ұзарту туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.
"Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы етемін:
Қазақстан Республикасы президентінің "Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы" 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 жарлығымен енгізілген Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдайды 2020 жылдың 11 мамырында 00:00-ге дейін ұзарту.
Қазақстан Республикасының үкіметі орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірге осы жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Бұл жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді", - делінген жарлықта.
Талқылау

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
Бүгінде күллі қазақ жұрты оларды желіде бақылап, біразы алдынан күтіп, қонақ етіп жатыр

"Қысқа мерзімді жеңілдіктер ұзақ мерзімді дағдарысқа ұласуы мүмкін": Сарапшылар Қазақстанда шұғыл енгізілетін шараларға қатысты пікір білдірді
Оның айтуынша, жаңа салық кодексінде әзірге айтарлықтай өзгеріс жоқ