Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев суперпрезиденттік басқару жүйесінен бас тартты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің басқару жүйесі суперпрезиденттік республикадан күшті парламенті бар президенттік республикаға өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мұндай жүйе қоғам игілігі үшін пайдасын тигізетін болады, деп атап өтті ол.

"Бүгінгі күні біздің елде биліктің барлығы президенттің қолына шоғырланған және бұл дұрыс емес. Біз мұндай тәжірибеден біртіндеп бас тартуымыз қажет. Мен үшін билік пен ситуациялық ықпалдың кез келген қосымша құралдарынан гөрі мемлекеттің ұзақ мерзімді мүдделері маңызды", - деді Тоқаев.

Сонымен қатар президент реформалардың тек қағаз жүзінде ғана қабылданбауы қажет екенін атап өтті.

"Мен елдегі саяси реформаның жобасын ұсынамын. Бұл құжат қоғамның талабы мен сұранысына лайықты жауап береді. Алға қойған жолдан таймау, ауызбіршілікті сақтау біз үшін өмірлік маңызға ие. Біз реформаны қағаз жүзінде немесе жұртшылықтың мақтауына ие болу үшін жүргізбейміз, бұь құр уәде емес. Бізге әрбір қазақстандық сезінетін нақты шаралар мен жақсартулар қажет", - деді Тоқаев.

Талқылау