Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Си Цзиньпинмен сөйлескенде кейде қытай тіліне ауысатынын айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қытай тілінде кітап оқитынын, кейде Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен осы тілде сөйлесетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Синьхуа басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Ақорда

Тоқаев Си Цзиньпинмен қытай тілінде қандай жағдайда сөйлесетінін айтты.

"Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесулерімізді жылылықпен еске аламын. Ашық және сенімді атмосферада біз өзекті мәселелер мен  жан-жақты стратегиялық әріптестігімізді нығайту перспективаларын талқылап, әлемдегі жағдайға қатысты пікір алмасамыз. Кейде әңгіме барысында төрағаға ерекше маңызды ойларды барынша дәл жеткізу немесе күнделікті өмірдің қызықты тақырыптарын талқылау үшін қытай тіліне ауысамын", – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, ол Қытайда тұрған сегіз жыл ішінде қытай мәдениетін, тарихын, тілі мен әдет-ғұрпын зерттеумен айналысқан.

"Студенттік өмірім мен дипломатиялық мансабымның басталуы Қытаймен тікелей байланысты", – деді Тоқаев.

Сондай-ақ ол арасында қытай тілінде кітап оқитынын жеткізді.

"Әлемдегі, Қытайдың өзінде тез өзгеріп жатқан тенденцияларды ескере отырып, тілді меңгеру үшін, сондай-ақ Қытайдың саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы соңғы тенденциялардан хабардар болу үшін үнемі қытай тілінде кітаптар оқимын", – деді президент.

Айта кетейік, бұған дейін Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин осы аптада Қазақстанға ресми сапармен келетіні туралы жазған едік. 

Талқылау