Тоқаев шағын бизнесті "Атамекен" ҰКП мүшелік жарнасынан босату жөнінде тапсырма берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында шағын бизнесті "Атамекен" ҰКП мүшелік жарнасынан босатуды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы бүгінде отандық бизнес құрылымындағы шағын компаниялар үлесі 90 пайыздан астам екенін айтып өтті.
Тимур Құлыбаев "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы қызметінен кетті
"Палатаны ("Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы) реформалау кезінде оның функцияларын әсіресе шағын бизнесті қолдауға, қорғауға және дамытуға бағыттау керек. Сонымен қатар шағын бизнесті міндетті мүшелік жарналардан босату керек. Бұл айтпаса да түсінікті", - деді Президент.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы наразылықтар жөнінде пікір білдірген еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар