AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ашық айту керек": Тоқаев Маңғыстаудағы наразылықтарға қатысты пікір білдірді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы бас көтерген жұмысшылардың талаптарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қабылданған шараларға қарамастан, еңбек ұжымдарының наразылығы күшейіп келеді. Оны ашық айту керек. Жұмысшылардың барлық талабын мұқият қарау қажет. Олардың заңды құқығы мен мүдделері сақталуға тиіс. Кәсіподақ жетекшілері мен жұмысшылары шеруге шығып жатқан компания иелерімен сындырлы диалог орнатуы керек. Ал қабылданған шешімнің бәрін жұмысшыларға дұрыстап түсіндіру маңызды", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Мемлекет басшысының айтуынша, проблеманың бәрін әкімдікке жүктеп қоюға болмайды. Барлық мәселені бірлесіп атқарған жөн.

"Наразылық білдірген азаматтардың проблемаларын шешу үшін үкімет пен "Самұрық-Қазына" қоры тығыз жұмыс істеуге тиіс. Қажет болса, үкіметтің арнайы комиссиясын тағы да Маңғыстау облысына жіберу керек", - деп атап көрсетті президент.

Осы орайда мемлекет басшысы Маңғыстау облысын дамытуға арналған кешенді жоспар қабылданғанын еске салды. Соның аясында қомақты қаржы бөлу қарастырылған.

"Қаражат бірінші кезектегі міндеттерді шешуге жұмсалуға тиіс. Сондықтан істі созбалаңға салмай, дереу жұмысқа кірісу керек. Расында облыстағы ахуал мәз емес", - деді Тоқаев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр