Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев сегіз министрліктің жауапты хатшыларын қызметінен босатты

Жауапты хатшылар институтының таратылуына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен сегіз шенеунік қызметінен босатылды.

Бұл туралы Ақорданың сайтында айтылған.

Жауапты хатшылар институтының таратылуына байланысты мемлекет басшысының өкімімен:

Қожахметов Жанат Мұратұлы Қазақстан Республикасы ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен; Оразаев Марат Аблахатұлы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен;

Сарсембаев Қанат Маратұлы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен;

Құрманғалиева Аида Даденовна - Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен;

Ашуев Айдын Жұмабекұлы Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен;

Нөпіров Жәнібек Максұтұлы - Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен;

Жұмабеков Арман Дайырұлы Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен; Момышев Талғат Амангелдіұлы Қазақстан Республикасы энергетика министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Айта кетейік, Қазақстанда екі министр ауысып, үкіметтің толық құрамы бекітілді.

Талқылау