Тоқаев фракция басшыларына премьер-министр лауазымына кандидатты ұсынды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесу өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кездесуде президент Конституцияның 44-бабына сәйкес премьер-министр лауазымына ұсынылған Олжас Бектеновтің кандидатурасы жөнінде фракция басшыларымен кеңесуге тиіс екенін айтты.
Талқылауға "Amanat" партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, Қазақстан халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов, "Ақ жол" партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов, "Ауыл" партиясы фракциясының жетекшісі Серік Егізбаев, "Respublica" партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров қатысты.
Бұған дейін Amanat партиясы премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновті ұсынғаны айтылды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"