Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асқар Мамин қайтадан ҚР премьер-министрі болып тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Асқар Мамин қайтадан премьер-министр қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Асқар Ұзақбайұлы Мамин Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалсын", - делінген үкімде.

Мәжілістің 78 депутаты Маминге дауыс берді, 21 депутат қалыс қалды, қарсы болғандар жоқ. 

"Күткеніміздей НПК мен Ақ жол дауыс беруден қалыс қалды. Бұл премьер-министрдің кандидатурасына қарсы дауыс беру деген сөз емес", - деді Тоқаев.

Ал қайтадан үкімет басшысы болып бекітілген Асқар Мамин алдағы жоспарларымен бөлісіп, ел игілігі үшін қызмет ететінін айтты. 

"Сенім білдіргендеріңіз үшін алғыс айтқым келеді. Мен үшін бұл үлкен мәртебе және үлкен жауапкершілік. Біздің алдымызда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды міндеттер мен мақсаттар тұр. Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ел дамуының негізгі бағыттарын анықтады және жариялады, соның ішінде ең бастысы - өмір сүру сапасын, халықтың әл-ауқатын жақсарту және табысты арттыру", - деді ол.

Оның айтуынша, бұл міндеттер экономикалық өсу қарқынын арттыру арқылы жүзеге асырылады.

"Инвестициялар тарту, жаңа технологияларды енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру және басқа да бірқатар салаларда тиімді шаралар қабылданатын болады. Осы стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру үшін үкімет пен  парламентпен бірге жұмыс істейді", - деп қосты Мамин.


Премьер-министр Асқар Мамин екі жылдық қызметінде не бітірді?


Бұған дейін Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан премьер-министрінің кандидатурасы туралы айтқан болатын.

"Менің ойымша, сабақтастықты сақтау керек. Үкімет барлық қиындықтарға қарамастан өз жұмысын дұрыс атқарды. Басқа елдермен тең дәрежеде тұрдық. Егер президент Мамин Асқар Ұзақпаевичке ұсыныс білдірсе, онда мен фракциядан оның кандидатурасын қолдауды сұраймын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Асқар Мамин 1965 жылы 23 қазанда дүниеге келген. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын және Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын бітірген.

Ол "Қазақстан темір жолы" АҚ-ны басқарды, Астана қаласының әкімі және көлік және коммуникация министрі болды. 2016 жылдан 2019 жылға дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.

Талқылау