Тоқаев отандық вакцинаны дайындаған ғалымдарға алғыс айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық QazVac вакцинасын өндіруге және дайындауға қатысқан ғалымдар мен мамандарға алғысын білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"QazVac вакцинасы еліміздің өңірлеріне жеткізіле бастады. Барлық азаматтарға қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісін ұлғайтамыз. Қазақстан әлем бойынша өз вакцинасын шығарған бірнеше елдің қатарында. Екпені әзірлеген ғалымдар мен мамандардың бәріне алғыс айтамын!" - деп жазды Тоқаев Twitter парақшасына.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтан отандық вакцинаны 26 сәуірден бастап салғыза алатыны айтылған еді.
Президент хатшысы: Тоқаев Twitter-дегі парақшасын өзі жүргізеді
Ресейдің әуе кеңістігі қауіпті болса да, қазақстандық әуе компаниялар тұрақты түрде жолаушы тасымалдайды
Комитет: "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым авиакомпаниялармен бірлесіп, тұрақты негізде жағдайға мониторинг жүргізеді"
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды