Президент хатшысы: Тоқаев Twitter-дегі парақшасын өзі жүргізеді
Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың Twitter-дегі аккаунтын кім жүргізетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Көптеген адамдар мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілердегі парақшаларын көмекшілер немесе баспасөз қызметі жүргізеді деп ойлайды. Жоқ, президенттің өзі Twitter арқылы халыққа үндеу жазады ... Тапсырмаларына да қатысты ақпараттарды өзі жазады", - деді Берік Уәли "Хабар 24" арнасына берген сұхбатында.
Еске салсақ, бұған дейін мемлекет басшысы Тоқаев қашан және қандай вакцина салдыратынын айтқан едік. Сонымен қатар, президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Тоқаевтың отандық бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат бере қоймауының себебін түсіндірді.
"Ішімді екі қолымен қатты басты": Қазақстандық әйел босану кезінде дәрігерлерді салғырттық танытты деп айыптады
Нәресте 21 күн реанимацияда жатып, бірнеше рет наркоз алған
"Қайда жұмыс істейсіз, қанша жалақы аласыз": Қазақстандық ата-аналар мектептердің жеке мәліметтерді сұрауына наразы
Мектептер өткізетін сауалнамалар легі ата-аналар тарапынан түрлі сауал туғызып жатқан көрінеді