Тоқаев масс-медиа туралы заңға қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев масс-медиа туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды”, – делінген ресми хабарламада.
Заң жобасы мемлекет мүддесі, қоғам сұранысы және медиа-саланың даму үрдісін ескере отырып, масс-медиа саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.
Сонымен қатар заң жобасында журналистердің мәртебесін арттыру, журналистердің құқықтарын нығайту және міндеттерін қайта қарау, сондай-ақ журналистердің артықшылықтарын кеңейту бойынша жағдай жасау көзделген.
Бұған дейін мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Масс-медиа туралы" заңды бірінші оқылымда мақұлдаған еді.