Тоқаев Куба президентін азаттық күнімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы және өз атынан Куба президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудесті және Куба халқын азаттық күнімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

1 қаңтар – Куба Республикасының азат болу күні. 1959 жылдан бері кубалықтар осы күнді атап өтеді.
"Егемендік пен теңдікті бәрінен жоғары бағалайтын еліңіз бүгінде өзінің саяси және экономикалық тұрақтылығы мен халықаралық беделін нығайтуда айтарлықтай жетістіктерге жетуде. Отандастарыңызға әрі қарай да өз мақсаттарына қол жеткізуге тілектеспін. Қазақстанның Кариб бассейніндегі ең жақын және сенімді серіктесі Кубамен екіжақты қарым-қатынасымыз алдағы уақытта да халқымыздың игілігіне тереңдей түсетініне сенімдімін", – делінген жеделхатта.
Тоқаев Куба президентінің қызметіне табыс, ал Куба халқына амандық тіледі.
Алматыдағы танымал демалыс орнында адамдар нәжіс аралас бассейнге түскен: Мұның денсаулыққа қандай қаупі бар?
Желі қолданушысы мұндай жағдайда бассейн жұмысын уақытша тоқтатып, санитарлық өңдеу жүргізілуі керек деп есептейтінін жеткізді
Әйелін электр сымымен қылқындырып өлтірмек болған қазақстандық жеңіл жазамен құтылды
Сот: "Жәбірленушінің мойнындағы сырылған жарақаттар денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соқпаған дене жарақаттары ретінде бағаланды"