Тоқаев бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салды: Қазақстан коронавирус пандемиясына қатысты қандай жұмыс атқармақшы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия деп жариялағаннан кейін аталған ахуал жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы президенттің Twitter-дегі парақшасында жарияланды.
"ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс", - деп жазыпты Тоқаев.
Сондай-ақ мемлекет басшысы қазақстандықтардың денсаулығы бірінші орында екендігін атап өтті.
"Ең бастысы – азаматтарымыздың денсаулығы. Біз қиыншылықтарды бірге еңсереміз", - деп қосты президент.
Еске салайық, бұған дейін ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялағаны айтылған еді.
Астаналық тұрғын ұлының Қазақстанда жоқ диагнозына ем таппай жүр
Бұндай диагноз Қазақстанның емдеу хаттамасында мүлдем жоқ.
«Қазақстан халқына» қоры енді құны 1 миллиард теңге тұратын Zolgensma препаратын сатып алуға көмектеспейді: Дертке шалдыққан балалардың ата-аналары алаңдаулы
Қазақстандықтар: "Миллиондаған ақшаны түрлі концерттер, қажетсіз дүниелерге жұмсағанша, әр балаға көмектессін!”