Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев қазақстандық вакцинаны салғызуға дайын екенін мәлім етті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық вакцина салдыруға дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаев

"Коронавирус дағдарысын өткерудің ең тиімді және жүйелі шарасы - жаппай вакцинация екені белгілі. Елімізде бұл үрдістің сапалы өтуіне барлық жағдай жасауымыз керек. Сондықтан 1 ақпаннан бастап халықты жаппай вакцинациядан өткізуді үкімет пен әкімдіктегілерге тапсырамын", - деді Тоқаев. 

Бұған қоса, ол міндетті түрде қазақстандық вакцина салғызатын жеткізді. 



"Отандық вакцинаның жағымды нәтижелеріне үмітіміз зор. Егер барлығы біз ойлағандай болса, мен дәл осы қазақстандық екпені өзіме салғызамын", - деп қосты президент. 

Бұған дейін Тоқаев елдегі жаппай вакцинацияға байланысты дүрбелең туғызбауды тапсырған болатын. 

 

 

Талқылау