Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент: Елімізде қағаз жүзінде ғана жұмысқа орналастыру белең алып отыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жұмыспен қамту бойынша атқарылып жатқан шаралар жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Біз Жұмыспен қамтудың жол картасын қабылдап, оған 1 триллион теңге бөлдік. Бұл қаржының 98,2 пайызы игерілді. Бағдарлама халықты еңбекпен қамтып, іскерлік белсенділікті қолдау үшін маңызды рөл атқарды.

Алайда ондаған және жүздеген мың жұмыс орны ашылғаны туралы ақпаратты тексергенде, ол зейнетақы және салық төлемдерімен сәйкес келе бермейді. Азаматтарды қағаз жүзінде ғана жұмысқа орналастыру белең алып отыр", - деді президент.



Бұған қоса, ол қай аймақтарда қағаз жүзінде жұмысқа орналастыру үрдісі байқалғанын атап көрсетті.  

"Жалпы, еңбекпен қамтылғандардың 40 пайызға жуығы "көлеңкеде" қалып қойған. Мен бұған дейін осындай есептерді автоматты түрде қайта тексеру тәсілдерін енгізу туралы тапсырма бердім. Дәл осындай 15 мың жағдай тіркелген. Жұмысқа орналасты деген адамдардың үштен бірі зейнетақы қорына қаржы аудармаған болып шықты. Мұндай жағдай Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында анықталып отыр", - деп қосты президент.

Талқылау