Қазақстанда президент жанынан жаңа агенттік құрылады
Қазақстанда президент жанындағы жаңа агенттік құрылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа ведомство құру қажеттігі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жалған кәсіпорындар мен қасақана төлемеушілермен жұмысты жүйелі түрде күшейту керек. Оң динамиканы сақтау үшін қысқа мерзімде президент жанындағы экономикалық қылмыстарға қарсы күрес агенттігін құру қажет", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Айта кетейік, Қазақстанда 1994 жылдан бастап экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) жұмыс істеді. 2014 жылдың тамызында бөлім таратылды.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады