Мемлекет басшысы елдегі баяу интернетке жауаптыларды жауапкершілікке тартуды тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі баяу интернет мәселесіне тоқталып, бірқатар тапсырмалар берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Тағы бір мәселе - интернеттің баяу жылдамдығы мен оның сенімділігі. Байланыс операторлары тарифтік жоспарларды жаңартуда, тиісінше интернеттің бағасы да өсуде. Дегенмен желі жылдамдығы мен оның сапасы ойдағыдай емес", -деді Тоқаев.
Сонымен қатар, президент үкіметке нақты тапсырмалар берді.
- Президент: Елімізде қағаз жүзінде ғана жұмысқа орналастыру белең алып отыр
- Жер туралы кодекске түзетулер енгізуді тапсырамын - мемлекет басшысы
"Үкіметке осы салада тұтынушылардың құқығын қорғауға бағытталған шараларды іске асырып, бекітілген шарттарға сәйкес келмейтін байланыс операторларын жауапкершілікке тарту бойынша нақты жұмыстар орындауға тапсырамын", - деді мемлекет басшысы.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады