Тоқаев қауіпсіздік кеңесінде жаңа тағайындаулар жасады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесіндегі тағайындаулар жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Азамат Дүйсембеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі департаментінің меңгерушісі болып тағайындалды.
Амангелді Омарбеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының басшысы болып тағайындалды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізіп, онда қару-жарақ өндіру мен сатып алу, сондай-ақ осы саладағы экспорттық бақылау мәселелері қаралды.
Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы сондай-ақ премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың және Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың баяндамаларын тыңдады.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"