Тоқаев Қарағанды облысы әкіміне сөгіс жариялады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазба жариялады.
“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымына дайындық жұмыстарына тиісінше бақылау жасамағаны үшін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс берді”, – делінген жазбада.
Еске салайық, 13 қазанда Саран қаласының тұрғындары жылусыз қалды. Қарағандыдан 25 шақырым жерде орналасқан қалада олар жаңа жылу орталығы іске қосылмай, тұрғындар жылусыз қалған еді. Әкім қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұраған. Осы ретте премьер-министр Саран қаласының жылу беру маусымына дайын екенін хабарлаған шенеуніктерді жазалайтынын айтты. Кейін Саран қаласының әкімі қызметінен босатылды.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан