Тоқаев қаңтардағы оқиғаларға кінәлілердің барлығы жазаланатынын айтты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаев қаңтардағы оқиғалар кезінде Қазақстанда туындаған тәртіпсіздіктерді реттеуге Ресейдің көрсеткен көмегін атап өтті.
Ол сондай-ақ қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде құрбан болған азаматтардың көп екеніне алаңдаушылық білдіріп, кінәлілердің барлығы жазаланатынын жеткізді.
Владимир Путин Қазақстанның халықаралық терроризммен бетпе-бет келгенін қосып өткен.
"Бұл біздің қаңтар оқиғаларынан кейінгі алғашқы кездесуіміз, ол кезде Қазақстан ел ішіндегі қиын жағдайларды пайдасына жаратқан халықаралық бандалардың құрбанына айналған еді", – деді Путин Кремльде өткен кездесуде.
Оның айтуынша, жаңа жыл қарсаңында өткен кездесуде бұл қайғылы оқиғаның орын алатынын ешкім ойламаған.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”