Алтын Орданың ізі, Ұлытаудың үні: Астанада ерекше көрме басталды

Астана төрінде Ұлытау облысының өнерпаздары мен қолөнер шеберлері өз туындыларын тарту етуде. "Алтын Орданың мұрасы: Ұлы Даладан бастау алған өнер" тақырыбында Creative Aimaq hub алаңында өтіп жатыр.
Көрме аясында Ұлытау облысынан келген 60-қа жуық шебер ағаштан, былғарыдан, керамика мен киізден жасалған қолөнер бұйымдары, зергерлік әшекейлер, этно-сән топтамалары мен құрақ көрпелерін паш етіп жатыр.
Кешкі бағдарламада жезқазғандық Jezz Acoustic Band тобының концертімен жалғасады.

Жоба отандық қолөнер шеберлерін, дизайнерлер мен суретшілерді, шығармашылық кәсіпкерлерді қолдауға, сондай-ақ Made in Kazakhstan ұлттық брендін дамытуға бағытталған.
Qazaq Creative Hub алаңында өтіп жатқан көрмеде Ұлытаудың тарихи-мәдени мұрасы заманауи дизайн, қолөнер, этно-сән және цифрлық технологиялар арқылы таныстырылды.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жобалар өңірдегі шығармашылық индустрияның дамуына серпін беріп, қазақстандық өнімдерді кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.
