Air Astana-дағы миллиард теңгелік жымқыру ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды

Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы Air Astana компаниясында 1 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқыру және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру ісі бойынша шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы Air Astana компаниясында 1 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқыру және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру туралы резонансты іс бойынша бірінші сатыдағы сот үкімін күшінде қалдырды.
Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, қылмыстық схеманы ұйымдастырушы 9 жылға, ал оның екі сыбайласы 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған.
ОқыңызСондай-ақ сотталғандардың мүлкі тәркіленіп, оларға 5 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық және лауазымды қызметтерді атқаруға тыйым салынды.
Сонымен қатар сот жәбірленуші тараптың 1 миллиард теңгеден астам сомаға берілген азаматтық талап-арызын толық қанағаттандырған. Тәркіленген мүлік келтірілген материалдық шығынды өтеуге бағытталады.
Апелляциялық сот қорғаушы тараптың уәждерін қарағанымен, олардың шағымдарын қанағаттандырудан бас тартып, бірінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.
Еске салайық, бұған дейін Air Astana мен FlyArystan әуе компанияларының бұрынғы топ-менеджері Ренат Абулханов әлеуметтік желі арқылы даулы мәлімдеме жасаған еді. Ол компанияда жұмыс істеген кезеңінде коммерциялық көрсеткіштерді қолдан жоғары көрсетуге қысым жасалғанын, сондай-ақ басшылықтың туыстарына арзан әуе билеттерін рәсімдеу тәжірибесі болғанын айтқан. Осы жазбадан кейін Бас көлік прокуратурасы аталған деректер бойынша тексеріс басталған еді.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды