Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында наркологиялық және психиатриялық есепте тұрған 89 жүргізуші анықталды

психиатриялық есеп
Фото: magnific.com

Түркістан облысында наркологиялық және психиатриялық есепте тұрған 89 адамның көлік жүргізгені анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының прокуратурасы наркологиялық және психиатриялық есепте тұрған, көлік басқаруға медициналық қарсы көрсетілімі бар 89 адамның жүргізуші куәлігі болғанын және олардың көлік тізгіндегенін анықтады.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, бұл азаматтар заң талаптарына қарамастан көлік құралдарын басқаруға жіберілген. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар, сондай-ақ психоактивті заттарды қолдануға байланысты аурулары анықталған әрі медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдарға көлік басқаруға рұқсат етілмейді.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде соттар аталған 89 адамның көлік құралын басқару құқығын тоқтатты.

Сонымен қатар прокурорлық ден қою шараларының осылайша заң бұзушылыққа жол берген жауапты лауазымды тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылды.

Еске салайық, бұған дейін бұрынғы діни қызметкер Иаков (Владимир Воронцов) биыл ақпан айында ұсталып, оған есірткіні өткізу мақсатынсыз сақтау және есірткі қолданылатын орын ұйымдастыру баптары бойынша айып тағылған. Ол өзіне тағылған айыптарды мойындамайды. Мамыр айында сот оны мәжбүрлі психиатриялық сараптамаға жіберген болатын.

Айым Атамбаева
Сенбі, 18 Шілде, 2026 16:10