Тоқаев "қаңтар оқиғалары кезінде Ресей Қазақстанды құтқарды ма" деген сауалға жауап берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар айындағы оқиғалар кезінде Ресей Қазақстанды "құтқарды" деген мәлімдемеге жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Ресейде кейбір адамдар Ресей Қазақстанды "құтқарып қалды" деп мәлімдеп, бұл жағдайды бұрмалап жүр. Сол үшін Қазақстан енді Ресейге мәңгі "қызмет етіп, тағзым етуі керек" дейді. Менің ойымша, бұл шындыққа жанаспайтын әңгімелер", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев "Россия 24"телеарнасында журналист Андрей Кондрашовқа берген сұхбатында.
Мемлекет басшысы басынан бастап контингенттің күштік әрекеттерге араласпайтыны туралы уағдаластық болғанын атап өтті.
"Шынында да, ҰҚШҰ шектеулі контингенті тарапынан бірде-бір оқ атылған жоқ, сондай-ақ олар мұнда 10 күннен артық уақыт болмады", - деп атап өтті президент.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымынан шығуға қатысты алыпқашпа әңгімені жоққа шығарды.
"Меніңше, интеграциялық бірлестіктер біртіндеп дамып келді. Бәрі дұрыс. Қазақстан сол интеграциялық бірлестіктердегі қызметін жалғастыра береді. Ал "Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтан және Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымынан шығады" деген әңгімелер шындыққа мүлдем жанаспайды", - деді Тоқаев "Россия 24" арнасына берген сұхбатында.