Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев елге таза атом энергиясының аса қажет екенін айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға таза атом энергиясы өте қажет екенін айтты. Ол азаматтарды экономиканы түсінбейтін популистердің жетегінде кетпеуге шақырды және атом энергиясының маңызын кәсіби түрде түсіндіру керек екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

атом энергиясы

"Энергиямен жабдықтау жүйесі жұмысында тұрақты үзілістер байқалады. Мысалы, жақында еліміздің оңтүстігі электр қуатынсыз қалды. Біз ішінара көршілес мемлекеттердің энергетика жүйесінің жұмыс сапасына тәуелдіміз. Елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері шұғыл түрде шешілуі керек", - деді ол Үкімет отырысы кезінде. 

Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС құрылысына қатысты жауапты тұлғаларды сынға алып, атом энергиясының маңызы жайлы айтып өтті. 

"Жауапты тұлғалар атом электр станциясы құрылысына қатысты сұрақтарға жауап беруден неге қашқақтайтынын түсінбеймін. Ашық айту керек: таза ядролық энергиясыз біз инвестицияны айтпағанда, бүкіл экономикадан айырыламыз. Аймақтағы көшбасшылықты жоғалтамыз. Бізге таза ядролық энергия өте қажет", - деп қосты ол.

"Экономиканы түсінбейтін популистердің жетегінде кетуге болмайды. Атом энергетикасының маңызын кәсіби түрде түсіндіру қажет", - деді Тоқаев.

Президент өткен жылы Қазақстанда энергетикалық дағдарыстың болғанын қосып өтті.  

"Дизель отыны, ұшақ жанармайы, сұйытылған мұнай газы, электр энергиясы тапшылығы байқалды. Бұл дұрыс жоспарлау, бақылау жоқтығынан және жеке тұлғалар әрекетінен орын алған. Бүгінде сатылымға шығаратын газ тапшылығы қаупі бар.

Былтыр "Қазақгаз" ойланбастан жаңа өнеркәсіптік нысандарды газға қосуға мораторий енгізді. Соның салдарынан бірқатар өңірде жаңа жобаларды, оның ішінде жоғары технологиялық және экспортқа бағытталған жобаларды жүзеге асыруға газ жоқ", - деді Мемлекет басшысы.

Талқылау