Тоқаев: Бұқаралық және балалар спортына назар аудару керек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің 1-сессиясының ашылуында жаппай спортпен шұғылдану мен балалар спортына баса назар аудару керектігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық денсаулық сақтауды модернизациялаудың үлкен маңызға ие екенін айтты.
"Пандемия кезеңінде бұл мәселенің өзектілігі айқындалды. Денсаулық сақтау жүйесі пациенттерге бағытталуы тиіс, олардың денсаулығы, өмірі, мүддесін бірінші орынға қою керек", - деді Тоқаев.
Сондай-ақ, президент азаматтардың салауатты өмір салты - дені сау ұлтты қалыптастыратын негізгі шарт екенін айтты.
"Сондықтан жаппай әрі балалар спортына мән беру керек, бұл туралы Жолдауда атап өттім. Тағы да қайталаймын, бұл стратегиялық маңызы бар мәселе", - деді ол.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ