Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: "Биыл Назарбаевтың 80 жылдық мерейтойын тойлаймыз және оның еңбегі туралы айтатын боламыз"

"Комсомольский правда" газетіне берген сұхбатында Қасым-Жомарт Тоқаев сабақтастық мәселесін атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.   

назарабаев токаев

"Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев - тарихи масштабтағы тұлға, қазіргі Қазақстанның негізін қалаушы. Жақын арада (6 шілде) біз оның 80 жылдық мерейтойын атап өтеміз. Әрине, оның халық пен халықаралық қоғамдастық алдындағы еңбегі туралы айтатын боламыз. Біз үшін оның тарихи және саяси мұрасын сақтау маңызды, бұл Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту үшін қажет. Сондықтан менің сайлауалды тұғырнамамның бірінші тармағы дәл осы сабақтастық деп аталды", - деп атап өтті мемлекет басшысы. 

ҚР Президентінің айтуынша, қазіргі күрделі жағдайда Н. Назарбаев дағдарыстан жылдам шығу, жаңа экономика құру және азаматтарды материалдық қолдау бағытын қолдауда батыл шешім қабылдады. 

"Қос билік жоқ, бұл туралы Нұрсұлтан Әбішұлының өзі де бірнеше рет айтқан болатын, қазіргі президенттің айналасында бірігуге шақырған", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салайық, газетте жарияланған аталған сұхбатта Тоқаев Ресейді Қазақстан тұрғындары үшін ең жақын мемлекет деп атап, орыстарды кемсіту туралы сұраққа жауап берген болатын.

Талқылау