Тоқаев ақша айырбастау бағамын тұрақтандыруды тапсырды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың және басқарма мүшелерінің 2019 жылғы ақша-кредит саясатының қорытындылары туралы есебін тыңдады. Мемлекет басшысы ақша айырбастау бағамының тұрақтылығын қамтамасыз етуді маңызды мәселе ретінде атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бұл мәселеде үкімет пен Ұлттық банк үйлесімді жұмыс істеуі қажет екенін атап айтқым келеді. Квазимемлекеттік компаниялардағы басы артық валютаны ішкі нарыққа сату тәжірибесін жалғастыра беру керек. Ұлттық банк қажет болған жағдайда айырбас бағамын тұрақтандыру үшін қосымша шаралар қабылдайды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар, Тоқаев Ұлттық банкке қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, кепілсіз тұтыну несиесіне қатысты мәселені ұдайы бақылауда ұстау жөнінде тапсырма берді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар