Тоқаев Айдос Садыққа жасалған қастандыққа қатысты тергеуді бақылап отыр – Президенттің баспасөз хатшысы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Киевте қазақстандық оппозиционер Айдос Садыққа жасалған қастандыққа қатысты тергеу амалдарын жіті бақылап отыр. Мұны президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, Қазақстанның құқық қорғау органдары қылмыстық істің мән-жайын анықтау үшін шұғыл шаралар жүргізіп жатыр.
“Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына күдіктілердің қазіргі мекенжайын анықтап, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.
Қазақстан тарапы Украинаның құқық қорғау құрылымдарымен, оның ішінде Интерпол жүйесі бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайын”, – деп мәлімдеді Берік Уәли.
Еске салсақ, журналист Айдос Садықты Украинада атып кеткені айтылған еді. Бұған дейін қазақстандық блогерге ота жасалғаны туралы жаздық. Кейін Тоқаев бұл жағдайға пікір білдірген еді.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”