Тоқаев ауылшаруашылық жерлерін сатуға қойылған шектеуді ұзартты
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді сатуға деген мораторийді ұзартатын түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады", – делінген Ақорда сайтында.
Жаңа түзетулерге сәйкес, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді Қазақстан азаматтарына жеке меншікке беру туралы Жер кодексінің нормаларын қолдануға мораторий 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Жерді жалға алу тек 49 жыл мерзімге Қазақстан азаматтары мен шетелдік емес заңды тұлғаларға қолжетімді.
Жер дауы: Павлодарда әуежай маңындағы учаскелер заңсыз жеке меншікке берілгені анықталды
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі