Тоқаев Amanat партиясының құрамынан шықты: Партияға жаңа төраға сайланды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясының құрамынан шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тоқаев Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың кандидатурасын Amanat партиясының басшысы қызметіне ұсынды.
"Бүгіннен бастап Amanat партиясының төрағасы ретінде өкілеттігімді тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдадым. Бұл қадамның символдық мәні бар. Осы орайда президент сайлауында маған сенім артып, қолдағандарыңыз үшін баршаңызға алғысымды айтамын", - деді Тоқаев партия съезінде.
Президент өзіне сенім білдіріп, партия тізгінің тапсырғаны үшін барлық делегаттарға алғысын жеткізді
"Дегенмен, өмір бір орында тұрмайды. Алдымыздға үлкен міндеттер тұр. Еліміздің барлық саласында монополиясыздандыру жұмысы жүрігізіліп жатыр. Саяси жүйе де одан тыс қалмауы қажет", - деді Тоқаев.
- Алматы облысында бейресми жетекшілер болған – Бозымбаев
- Мемлекет меншігіне 5 миллион гектар жерді қайтару жоспарланып отыр
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Amanat партиясының жаңа төрағасы болып сайланды.
Нұр-Сұлтанда Amanat партиясының кезектен тыс ХХІІI съезі өтіп жатыр.