Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев «5-10-20» атты жаңа тұрғын үй бағдарламасын жариялады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған жаңа бағдарламаның іске қосылғандығын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жаңа үй

"Баспана кезегінде тұрғандардың мәселесін шешу үшін ипотекалық үймен қамтамасыз етуге бағытталған жаңа «5-10-20» бағдарламасын іске қосуды ұсынамын. Бұл мақсатта дағдарысқа қарсы шара ретінде мемлекет тарапынан 390 млрд теңге бөлінеді. 

Бұл жылы елімізде тұрғын үй құрылысына рекордты түрде көп күш жұмсалады: шамамен 150 млн шаршы метр немесе 150 мың жаңа пәтер тұрғызылады. 

Қазақстандықтар үшін тұрғын үй жағдайын дамытуға деген іс-шараларды жалғастыруымыз аса қажет. Бұл үкіметтің маңызды стратегиялық жұмыс бағыттарының бірі болмақ", - деп мәлімдеді Тоқаев. 

Халықты әлеуметтік қорғау үшін және экономикамыздың дамуына қарқын сыйлау үшін қолжетімді баспана салынуы керек. Елбасы бастама болған «7-20-25» бағдарламасы тұрғын үй құрылысы мен ипотекалық несиелердің жандануына үлкен серпін алып келді. 

Бұған дейін Тоқаев Қазақстадағы карантин бірте-бірте алынатынын айтқан еді. 


Талқылау