Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан халқына үндеу жолдайды
Күздің бірінші күні ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті жолдауын жолдайды.

Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.
"1 қыркүйекте, сағат 11:00-де мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі палатаның бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын жолдайды. Жолдауда президент алдағы кезеңге елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттарын жариялайды", – деді Уәли.
Берік Уәли атап өткендей, мұндай жолдаулар президенттің тәжірибесінде жыл сайын болады.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Тоқаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады.
Бөтен тойға кіріп, тамақтанып кеткен: Шақыртусыз қонақтар қазақстандықтардың ашуына тиді
Шақырусыз адамдардың тек тойға емес, қаралы асқа да келетінін айтқандар болды
Қазақстанда ата-аналар Мұғалімдер күніне сыйлық алуға ақша жинап жатыр: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Ведомство әр адамға өз ұстазына алғыс айтып, видеомен құттықтауды ұсынды