Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоғжанов: "Жұмыс жоқ" деп, қол қусырып, қарап отыруға болмайды

Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов Маңыстау өңіріндегі жұмыс мәселесіне қатысты журналистің сауалына жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ералы тоғжанов

Журналистер тарапынан “Әлеуметтік желіде Маңғыстау өңірінде жұмыс мәселесі күрделі, күнде айқай толастар емес. Жұмысыздар саны көп. Маңғыстауда 5 мың жұмыс көзі ашылады деп айтылғанына қарамастан бірде бір жұмыс орны ашылған жоқ деп жазылуда. Осы туралы не айтасыз" деген сұрақ қойылды.

Ералы Тоғжанов қазіргі таңда жұмыс мәселесі жолға қойылып жатқанын алға тартты. 

“Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-еңбек ахуалы Үкіметтің күнделікті, тұрақты бақылауында. Облыста өңір басшысының жетекшілігімен арнайы штаб тұрақты түрде жұмыс істеп жатыр. Төртіншіден, тек мұнай саласында ғана жұмыс істеуім қажет деген талап қою орынсыз. Жұмыссыз тұрғындардың барлығын мұнай саласына орналастыру мүмкін емес. Жалпы "жұмыс жоқ" деп, қол қусырып, қарап отыруға болмайды. Әрекет жасаған адамдарға жұмыс әрқашан табылады”, - деді Тоғжанов.

Ол шын мәнінде еңбектенген адамға жұмыс табылатыны туралы айтып, мүмкіндігі шектеулі адамдарды үлгі ретінде мысалға келтірді. 

“Халқымызда "Әрекет түбі берекет" деген нақыл сөз бар. Тумысынан екі қолы жоқ Анар Бексұлтанованың ерік-жігері жастарымызға үлгі болуы тиіс. Ол аяғымен іс тігуді үйреніп, өз кәсібін ашқан. Сарыағаштық таксист, тағдырдың жазмышымен екі аяғынан айрылған Нұржан бауырымыздың әлеуметтік желілерде тараған видеосын бәріңіз көрдіңіздер. Ол "жұмыс жоқ дегенге сенбеймін" дейді. Сондықтан жұмыс іздеген адам нарықтың сұранысына сәйкес біліктілігін көтеріп, кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларының мүмкіндігін пайдаланып, еңбек ету қажет деп ойлаймын”, – дейді Ералы Тоғжанов.

Талқылау