Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тірі болғанда 58 жасқа толар еді": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасын еске алып, отбасылық фотоларын жариялады

Танымал тележүргізуші, соңғы кезде отандық фильмдерде бой көрсетіп жүрген Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасын еске алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол жақында жолдасының жылдық асын берген болатын.   

Жыламаймын деп сөз бердім ғой, арасында сөзімде тұрмас үшін. Баламен бала болатын, үлкен-кішіні сыйлайтын, қалжыңбас, жарқын жүзді, әрқашан “ортаның гүлі” дейтін Қайрекең… Сен қасымда болғанда езуім жиылмайтын, ойнайтынмын, сенімен сырласып, кейде бір тоқтамай ішегіміз түйілгенше күлетінбіз. “Болды, қойшы”,-дегенде, “не болды, бензинің таусылды ма? Блютузыңды қоссайш” деп одан сайын әкететін еді сондайда.
Қазір де жазып отырып еріксіз жымиюдамын…
Бүгін жанымда болғаныңда дүркіретіп тұрып туған күніңді тойлар едік… 58-ге толдың деп, толассыз тілек тыңдап…”, – деп әсерлі жазба қалдырды. 

Оқырмандары жарыса көңіл айтып, жолдасы екеуінің махаббаттарын үлгі етіп жатыр. Әнші Бағлан Әбдірайымов, “Ақжол Мейірбеков ағаны жерлеуге барғанда күйеуіңіздің зиратын көрдім. Басына құран оқып келдік” деп жазды. Желі қолданушы оның ішінде “Ләйләмен тағдырласпыз, менің де жолдасым дүниеден озған” деп жазған қыз-келіншектің қарасы көп. 

Еске салсақ, Ләйлә Сұлтанқызының жолдасы Қайрат Беркінбаев қоғамдық денсаулық сақтау қайраткері, "Оқ-жетпес" емдеу сауықтыру кешенінің президенті болған. Олардың Сағадат және Сардар есімді қос ұлы бар. 

Жақында тележүргізушінің анасы қызының басына ақ жаулық салып, ежелгі дәстүр деп түсіндіргенін жазған болатынбыз. 

 

Талқылау