"Тынысы тарылып жатыр": Жұлдыз Әбдукәрімова ұлының денсаулығы сыр бергенін айтты
Актриса, тележүргізуші Жұлдыз Әбдукәрімова ұлы Нарұлдың денсаулығы нашарлап кеткенін айтып, көпті алаңдатып қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Бұл жігіт бүгін қорқытып, ауруханадан бір-ақ шықтық. Таңертең балаларымды мектепке қалдырып, алаңсыз жұмысыма кеткенмін. Нарұлдың жағдайы жақсы болған. Бірнеше сағаттан кейін мектептен қоңырау түсіп “Нарұлдың тынысы тарылып жатыр” деген хабар жеткізді. Аяқ-қолымқалтырап, кардиология бөліміне әрең жеттім”, – деп жазды Жұлдыз Әбдукәрімова.

Қайрат Нұртастың әйелі ұлының жүрегіне ота жасалғаныны айтты.
“Нарұлылымның жүрегіне ота жасалған күннен бері 6 жыл уақыт өтіпті. Нарұлдың жүрегі дәрігерлердің бақылауында. Жылыныа екі рет тексерістен өтеміз. Уайымдап, тілек білдіріп жатқан баршаңызға алғыс. Тексерістен өттік, қазір жағдайымыз бір қалыпты”, – деп алаңдаған көпшілікті уайымын басты ол.

Қазақстан соғыс ардагерлеріне басқа елдермен салыстырғанда көбірек төлейді
Төлемдер республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады және ардагерлердің барлық санатына толық көлемде беріледі
Қазақстанда келесі жылы ҰБТ бір рет өткізіледі: Білім сапасы арта ма, қысым күшейе ме?
Әлихан: "Кейбір оқушылар қатты уайымдап, күйзеліске түседі"