Тимур Турлов "Транстелеком" компаниясын сатып алатын болды
Фото: "Транстелеком" компаниясы
Тимур Турлов "Транстелеком" компаниясының ірі акция пакетін сатып алуға келісті. Мәміле мемлекеттік реттеуші органдардың мақұлдауын күтіп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Freedom Holding Corp компаниясының негізін қалаушы және бас атқарушы директоры Тимур Турлов "Транстелеком" компаниясының ірі акция пакетін сатып алуға келісімге келгенін жариялады.
"11 желтоқсанда "Транстелеком" АҚ акционерлері Директорлар кеңесінің жаңартылған құрамын бекітті. Өзгерістер Тимур Турлов құрылымдарының компанияны сатып алуы процесінің басталуымен байланысты. Тараптар мәміленің негізі параметрлері бойынша келісімге қол жеткізіп, мемлекеттік реттеушілік мақұлдауларды алу кезеңіне көшеді. Компанияның одан әрі даму стратегиясын қарау кезеңі белгілі бір уақыт алады, сондықтан да бірінші кезеңде басқару тобында және қолданыстағы операциялық моделде өзгерістер жоспарланбайды", – деп хабарлады Тимур Турловдың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұрын компанияны бұрынғы президенттің немересі Нұрали Алиев басқарған еді.
Құрылтайдың жаңа құрамына кімдер кірді: Ең жас және ең жасы үлкен депутаттар
Кемінде 28 адамның бұған дейін Парламентте тәжірибесі болғаны байқалады
Бес жыл бұрын облыс әкімінің қолынан баспана кілтін алған қазақстандық параспортшы пәтерін жалдап тұрып жатыр
Спортшы пәтерді пайдаланғаны үшін ай сайын 14 348 теңге төлейді