Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Apple компаниясын 15 жыл басқарған Тим Кук бас директор қызметінен кетеді

Фото: Associated Press/Bloomberg via Getty Images Adam Gray

2026 жылы 1 қыркүйектен бастап Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетіп, директорлар кеңесінің атқарушы төрағасы лауазымына тағайындалады. ұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

65 жастағы Тим Кук Apple компаниясына 1998 жылы келген. Оның 14 жылдан астам басшылығы кезінде компанияның нарықтық құны 350 миллиард доллардан 4 триллион долларға дейін өсті, ал табысы 2011 жылы 108 миллиард доллардан өткен қаржы жылында 416 миллиард долларға жетті.

Куктың кезеңінде Apple Apple Watch, AirPods және Apple Vision Pro құрылғыларын шығарды. Сондай-ақ iCloud, Apple Pay, Apple TV және Apple Music сервистерін іске қосты.

Тим Кук компанияның негізін қалаушысы Стив Джобс отставкаға кеткеннен кейін осы қызметке тағайындалып, Apple-ды 15 жыл бойы басқарды. Осы уақыт ішінде Apple-дың нарықтық құны 10 еседен астам өсіп, компания Nvidia және Google қатар әлемдегі ең ірі үш компанияның қатарына енді.

50 жастағы Джон Тернус – Apple компаниясының аппараттық қамтамасыз ету бойынша аға вице-президенті. Ол Apple-ға 2001 жылы қосылып, Mac компьютерлері сияқты өнімдердің сатылымын қайта жандандыруда маңызды рөл атқарды. Соңғы жылдары бұл құрылғылар нарықтағы үлесін айтарлықтай арттырды, деп жазады Reuters.

Тернус 2021 жылдан бері аппараттық инженерия бөлімін басқарып келеді және iPhone өндіруші компанияда өнім әзірлеуге 25 жылын арнаған. Оның жетекшілігімен Mac компьютерлері Intel процессорларынан компанияның өз чиптері – Apple Silicon-ға көшкен. Бұған дейін Bloomberg оның Тим Куктың ықтимал ізбасары екенін хабарлаған. 

Айта кетейік, Тернус қазір Стив Джобстан кейін бас директор қызметін қабылдаған кездегі Куктың жасымен шамалас.

Джон Тернус Стив Джобсқа мүлде ұқсамайтды деп санайды. Ол – инженер әрі өнімге бағытталған прагматик. Шоумен болу немесе көреген визионер атану – оған тән қасиет емес. Ол сұхбат бермейді, даулы мәлімдемелер жасамайды және ешқандай ірі жанжалдарға қатысы жоқ. Дәл осындай – көзге түсе бермейтін, бірақ мінсіз беделі бар адамды Apple компаниясы іздеген.

“Джон Тернус мырзаның қызметінің жоғарылауы Apple компаниясының болашақта жиналмалы смартфондар, смарт-көзілдіріктер, виртуалды шындық құрылғылары және жасанды интеллект бағытындағы жаңа аппараттық өнімдерге басымдық беріледі дегенді білдіреді”, – деп есептейді D.A. Davidson & Co басқарушы директоры Гил Лурия.

Ал Тим Кук 2011 жылдың тамызында бас директор қызметіне келгеннен бері Apple акциялары шамамен 20 есе қымбаттаған.

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 21 Сәуір, 2026 08:33