Тілін тістеп алған: 29 жастағы боксшы жекпе-жектегі жеңілісінен кейін мерт болды
Танзанияда 29 жастағы боксшы жекпе-жекте нокаутпен жеңілген соң мерт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

27 желтоқсанда Дар-эс-Саламда Хассан Мгайя жерлесі Пол Элиастан жеңілген соң үш күннен кейін қаза тапты.

Марқұм басынан бірнеше рет соққы алып, құлаған кезде тілін тістеп алған. Жекпе-жектен кейін боксшы ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмды.
"Танзаниялық кәсіпқой боксшы Хассан Мгайя 30 желтоқсан күні 27 желтоқсанда нокаут кезінде алған жарақаттарынан мерт болды. Бүкіл WBC чемпионымыздың отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", – деп хабарлайды дүниежүзілік бокс кеңесі.
29 жастағы Мгайя кәсіпқой рингте тоғыз рет жекпе-жек өткізген. Ол үш жекпе-жегінде жеңіске жетіп, төртеуінде жеңіліп, екі жекпе-жегінде тең түсті.
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген
"Ұятпен қорғалған қатыгездік": 10 жыл бұрын топтық зорлық құрбаны болған Жібек әділдікке қалай қол жеткізді
Сот төрт айыпталушыны кінәлі деп таныды
