Тіл тартпастан кеткен: Семейде 17 жастағы жігіттің көпірден секіргені байқаусызда видеоға түсіп қалған (видео)
Семейде жас жігіт көпірден секіріп мерт болды. Оқиға кезінде өтіп бара жатқан куәгер өзіне-өзі қол жұмсау сәтін байқаусызда камераға түсіріп алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 22 қаңтар күні кешке болған. Куәгерлердің айтуынша, жас жігіт автокөлік көпірінің ортасына жетіп, содан кейін рельстен өтіп, өзін көпірден тастап жіберген. Ол алған жарақатынан оқиға орнында тіл тартпастан кеткен. Жас жігіттің көпір қоршауынан құлаған сәті көпірден өткен адамдардың кадрына түсіп қалған.
Кейбір мәліметтер бойынша, қайтыс болған адам 2003 жылы туған. Қазіргі уақытта қалада жас жігіттің өлімі тексерілуде. Полиция басқармасында өлім фактісі расталды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1 - бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды", - деп хабарлады басқармадан.
11 миллион теңгеге дейін: Қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша жұмсайтынын айтты
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген