Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

TikTok-тағы стримінен кейін қазақстандық әйел қамаудан бір-ақ шықты

Желі балағат сөз тікелей эфир
Фото: Видеодан скрин

Абай облысында TikTok-та тікелей эфирде балағат сөз айтқан желі қолданушысы 10 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Абай облысының полиция қызметкерлері TikTok платформасындағы құқыққа қайшы тікелей эфирді анықтады. Эфир кезінде әйел балағат сөздер айтқан, әдепсіздік көрсетіп және есірткі қолданатынын айтқан.

“Полиция қызметкерлері оның жеке басын жедел анықтады. Құқық бұзушы Түркістан облысының тумасы, Семей қаласында уақытша тұрған 26 жастағы Азиза Қоқанова болып шықты. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ол алкогольдік масаң күйде болған”, – деп мәлімдеді полиция.

Сот шешімімен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оған 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

“Интернеттегі әрбір осындай тікелей эфир, заң мен қоғамдық тәртіпті бұзудың әрбір фактісі тиісті түрде құқықтық тұрғыдан бағаланып, тиісті шаралар қабылданады”, – деп ескертті полиция.

Ведомство мұндай құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.

Бұған дейін бір-бірін шапалақпен ұрып, балағаттаған 19 жастағы екі қазақстандық TikTok-тағы тікелей эфир үшін жауапқа тартылған еді. Байзақ ауданының тұрғындары Сарыкемер ауылындағы үйінде "донаттар" алу және аудитория тарту үшін TikTok желісіндегі тікелей эфир кезінде бір-біріне әдейі физикалық зиян келтіріп, бірнеше рет балағат сөздер айтқан.

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 30 Шілде, 2026 11:33