Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Kolesa Group – 30 жыл! Компания газеттен Қазақстандағы ең ірі IT-компаниялардың біріне дейінгі даму жолын көрсетті

КолесаKolesa Group тарихы 1996 жылы Алматыда кәсіпкерлердің шағын тобынан, жалға алынған шағын кеңседен және бес мың данамен шыққан газеттен басталды.

Бүгінде компания Қазақстан мен Өзбекстандағы жетекші IT-платформалар – Kolesa.kz, Krisha.kz және Avtoelon.uz сервистерін дамытып келеді. Компанияда 670 қызметкер еңбек етеді, ал оның үш қалада орналасқан жеті кеңсесі бар.

Компания 30 жылдығына орай "Kolesa Group-тың сандардағы тарихы" атты арнайы жобаны іске қосты: https://30-years.kolesa.group/kz?utm_source=smi&utm_medium=stankz.

Сайтта қызықты деректер, мұрағаттық фотосуреттер және газеттің 30 жыл ішінде еліміздегі жетекші IT-компаниялардың біріне дейінгі даму жолын баяндайтын маңызды оқиғалар жинақталған.

Компанияның тарихы 1996 жылы 5 мың дана таралыммен шыққан "Колеса" газетінің алғашқы санынан басталды. 1997 жылы "Крыша" жобасы іске қосылды. 2006 жылы компания алғашқы сайттарын таныстырса, 2013 жылдан бастап мобильді қосымшаларды дамытуға кірісті. 2015 жылы баспа басылымдарынан толықтай бас тартып, цифрлық өнімдерге көшті. 2016 жылдан бастап білім беру жобаларын іске қосып, инженерлік мәдениетті дамытуға ден қойды. Ал 2018 жылы Өзбекстан нарығына шықты. Бүгінде Kolesa Group – IT саласындағы №1 жұмыс беруші, ал компанияның өнімдерін ай сайын 13 миллион адам пайдаланады.

"Егер компания 30 жылдан бері жұмыс істеп келсе, демек ол өз клиенттерінің нақты мәселелерін шешуді жалғастырып келеді. Осы уақыт ішінде әлем бірнеше рет өзгерді, ал біз де онымен бірге өзгеріп, пайдаланушылардың сұранысына сай болып қала береміз", – дейді Kolesa Group бас директоры Дмитрий Ботанов.

Компанияның толық тарихымен мына сілтеме арқылы таныса аласыз: https://30-years.kolesa.group/kz?utm_source=smi&utm_medium=stankz.

Айым Атамбаева
Бейсенбі, 30 Шілде, 2026 11:16