Ақтөбеде 150-ден астам дроппер ақшаны жылыстату үшін пайдаланылған

Ақтөбе облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті интернет-алаяқтыққа жәрдемдесу, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу, дропперлік қызметті ұйымдастыру және қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыру фактілері бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Ақтөбе қаласының аумағында телефон және интернет-алаяқтық салдарынан азаматтардан жымқырылған ақшалай қаражатты қабылдау, конвертациялау және заңдастырудың тұрақты схемасын құрған қылмыстық топ әрекет еткен.
Топ құрамында оннан астам адам болған. Қылмыстық схеманы жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылар 150-ден астам дропперді тартқан.
Қылмыстық топ мүшелері банк қосымшалары мен криптоәмияндар алдын ала орнатылған ұялы телефондарды пайдаланған. Бұл оларға дропперлердің шоттарын қашықтан басқаруға және қаржылық операцияларды олардың қатысуынсыз жүргізуге мүмкіндік берген.
“Блокчейн-талдау құралдарының көмегімен жымқырылған қаражатты заңдастырудың толық схемасы қалпына келтірілді. Алдымен жәбірленушілердің ақшалай қаражаты транзиттік банктік шоттар арқылы өткізіліп, кейін бақылаудағы дропперлердің шоттарына аударылған. Одан кейін қаражат криптовалюта платформасына жіберіліп, онда USDT цифрлық активтерін сатып алуға пайдаланылған. Операцияларға заңды сипат беру мақсатында жалған қарыз шарттары мен жалған компаниялар қолданылған. Қылмыстық схеманың соңғы кезеңінде заңсыз кірістер қолма-қол ақшаға айналдырылып, шетел валютасына айырбасталған”, – деп мәлімдеді агенттік.
Қазір республиканың 16 өңірінен 80 жәбірленуші анықталды. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 120 миллион теңгеден асты.
“Қылмыстық топтың 8 мүшесі қамауға алынды. Тағы екі күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Сот санкциясымен күдіктілердің мүлкіне, оның ішінде 8 пәтерге, бір автокөлікке және 52 мың USDT көлеміндегі цифрлық активтерге тыйым салынды”, – делінген хабарламада.
Тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
Дәрігерден медбикеге дейін ақша сұрайды: Қазақстандық келіншектер перзентханадағы былықтарды ашты
Пікір қалдырғандардың басым бөлігі кейбір перзентханаларда көрімдік сұрау қалыпты жағдайға айналып кеткенін айтты
Қазақстанда ислам ипотекасы қашан іске қосылады және ол қалай жұмыс істейді
Сарапшы: "Негізгі айырмашылық бағада емес, қаржыландыру тетігі мен мәміленің құқықтық құрылымында"
Оқыңыз