КТК терминалында "Теңізшевройл" мұнайы тиелген танкер дрон шабуылынан соң отқа оранды

Қара теңіздегі Каспий құбыр консорциумының (КТК) теңіз терминалы маңында екі мұнай танкеріне шабуыл жасалып, мұнайды тиеп-жөнелту уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қара теңіздегі Каспий құбыр консорциумының (КТК) терминалында "Теңізшевройлдың" мұнайын тиеп жатқан танкерге дрондармен шабуыл жасалды. Оқиғадан кейін мұнайды тиеу жұмыстары қайтадан тоқтатылды.
Каспий құбыр консорциумының (КТК) баспасөз қызметінің хабарлауынша, шабуыл Мәскеу уақытымен сағат 01:48-де болған.
Шабуылға NISSOS SIFNOS танкері ұшыраған. Бұл кемеге мұнай жөнелтуші – "Теңізшевройл" ЖШС (Chevron компаниясы). Танкер ВПУ-3 айлағында мұнай тиеп тұрған.
КТК мәліметінше, дрон шабуылы салдарынан танкердің жүк палубасындағы мұнай қабылдау торабы маңында өрт шыққан. Экипаж бен КТК-ның үш қосалқы кемесінің көмегімен өрт толық сөндірілді.
Оқиғадан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Мұнайдың теңізге төгілуіне де жол берілмеген. Бұдан бөлек, терминалдан алты теңіз милі қашықтықта MARATHI танкеріне де шабуыл жасалған.
Оқиғадан кейін КТК терминалында мұнай тиеу жұмыстары қайтадан уақытша тоқтатылды.
Дәрігерден медбикеге дейін ақша сұрайды: Қазақстандық келіншектер перзентханадағы былықтарды ашты